Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Ақтөбеде баласын құм басып қалған ата-ана 2,5 миллион теңге өтемақы сұрады

Жарыссөз кезінде айыпталушы Арман Қазбаев өз кінәсін мойындамады.

Фото : www.inform.kz6 декабря 2018, 14:21

Ақтөбе жағажайындағы оқыс оқиғаға байланысты сот отырысы аяқталуға жақын. Жарыссөз кезінде жәбірленуші тарап 2,5 миллион теңге моральдық және материалдық шығын өндіруді сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

№2 Ақтөбе қалалық сотында Қылмыстық кодекстің «Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету» бабы бойынша іс қаралып жатыр. Жағажайда екі баланы құм басып қалған кезде бірінің денсаулығына аса ауыр зардап келді. Кейін іс сотқа жетіп, жәбірленуші тарап оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Жарыссөз кезінде айыпталушы Арман Қазбаев өз кінәсін мойындамады.

«Сол күні коммерциялық қызмет көрсетілген жоқ. Бірақ менің інім олардың өтінішіне құлақ асып, жағажайға кіруге, тынығуға жіберді. Мен інімнің шешіміне қарсы болмағаным үшін ғана кінәлімін. Сол күні жағажайда болмадым. Мен кінәлі емеспін. Кейін мен жәбірленушіге өз көмегімді ұсындым. Туған-туыстарымнан 300 мың теңге жинап бердім. Бірақ жәбірленушілер алмады. Олар менен 2 миллион теңге сұрап отыр», - деді айыпталушы Арман Қазбаев.

Жарыссөз кезінде мемлекеттік айыптаушы сот алдында жауап беріп жатқан айыпталушы Арман Қазбаевты кінәлі деп танып, 2,5 жылға бас бостандығынан айыру, яғни, қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде жазасын өтеуді сұрады. Сот отырысы кезінде жәбірленуші тарап 2,5 миллион теңге моральдық және материалдық шығын өндіруді сұрады.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

Сейчас читают
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии