Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Таразда мектепте оқушыны зорлаған 36 жастағы қаскөйге қатысты тың дерек шықты

Күдікті 17 жасында зорлау қылмысымен сотты болған. Төрт жыл мерзімін абақтыда өтеп, бір жылын шартты түрде өтеген.

Фото : bilyayivka.city20 ноября 2019, 09:41

Таразда мектеп дәретханасында 7-сынып оқушысын зорлаған 36 жастағы ер адам тура осындай қылмыс бойынша сотталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Өткен жұма күні Таразда 7-ші сынып оқушысын мектеп әжетханасында зорлап кеткен-ді. Күдікті екі сағаттан кейін қолға түсіп, қамауға алынды. Аталмыш жағдайдан соң облыс басшысы арнайы жиын өткізіп, жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктелді. Педагогтар пен полицейлерге талап күшейтілмек. Мектеп қабырғасындағы әрбір қылмысқа басшылық басымен жауап береді. Бүгінен бастап білім ошақтарының қауіпсіздігін тәртіп сақшылары күзететін болды. Азғындық жасады деп айыпталған азамат 36 жаста. Оның 19 жыл бұрын ұрлық емес, зорлық үшін істі болғаны анықталды", - дейді телеарна тілшісі.

Арман Оразалиев, Жамбыл облыстық ПД бастығы:

- Аталған күдікті 17 жасында зорлау қылмысымен сотты болған. Төрт жыл мерзімін абақтыда өтеп, бір жыл шартты түрде өтеген.

Гүлзира Дәрібаева, Жамбыл облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Жауапкершілік алынбайды деген сияқты. Соған байлынысты осындай жұмыстағы өзінің қызметкерлеріне жіті қадағалауды тапсырмағандықтан, жауапкершілік жүктеліп, жұмыстан босатылды.

Ал жәбірленуші бұдан былай мектепке келмеуі мүмкін. Себебі, оның психологиялық қысымға ұшырауы ықтмал. Сондықтан жеткіншектің жанын жараламас үшін шенділер үйінде оқыту жайын қарастырып жатыр.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

Сейчас читают
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии