Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Оралда кісі қаққан полицияға араша түспек болған бастықтың басы дауға қалды

Ол қолымдағы телефонымды күш көрсетіп тартып алып, ішіндегі видеоны өшіртіп тастады - куәгер.

Фото : видеодан алынды20 ноября 2019, 10:03

Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан қызды қызметтік көлігімен қағып кеткен оралдық полицей жұмыстан шығарылады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінен хабарлады. Кінәлі сақшының тікелей басшылары да жауапқа тартылыпты. Полиция көлігінің астына түсіп, ауыр жараланған қыз хәл үстінде жатыр. Ал оқиға куәгері апат орнында болған аймақтың Бас полицейін сотқа беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатып, полиция көлігінің астына түскен Лариса Бейісованың жағдайы мәз емес. Қазір ол жансақтау бөлімінде.

Айнагүл САКПУСУНОВА, БҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Жол апатынан жарақат алған қыз бірден қалалық ауруханаға жеткізіліп, түнде ота жасалды. Жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Бас пен ми жарақатын алған. Оң жақ бұғанасы сынған.

Қазір күдікті полицейдің ісін әріптестері тексеріп жатыр. Ал оның қызметіне көңілі толмаған тәртіптік комиссия оны жұмыстан шығару туралы шешім қабылдапты.

Мақсұтхан ӘБІЛӘЗІМОВ, БҚО ПД БАСТЫҒЫ:

- Кінәлі полицейдің тікелей командирі мен басшылары жауапқа тартылды. Ауыр жараланған Лариса Бейісованың тума-туыстарынан қарауымдағы қызметкердің өрескел әрекеті үшін кешірім сұраймын, оның тезірек жазылып шығуына тілекшіміз. Бар көмегімізді аямаймыз.

Осылай деген облыстағы бас полицей басы да дауға қалды. Оны оқиға куәгері сотқа бермек. Айтуынша, апат болған жерді видеоға түсіріп жүрген оның телефонын генералдың өзі күш көрсетіп, тартып алған.

Айболат БӨКЕНОВ, ОҚИҒА КУӘГЕРІ:

- Қолымнан тартып алды генералдың өзі телефонымды. Сосын қасындағы сотрудникке берді. Видеолардың бәрін кетіріп таста деді. Сосын мені алып кетіңдер деді. Сосын мен айқай салдым: генерал болсаң, өзіңе генералсың! Маған телефонымды қайтарып бер деп. Күш көрсетіп тартып алып тұр ғой. Мен өзім берген жоқпын. Қолымнан тартып алды. Соған адвокаттармен кеңесіп, генерал Әбіләзимовты сотқа берейін деп отырмын.

Полицияның жауабы көп күттірмеді. Оқиға куәгері Айболат Бөкеновтың соңғы үш жылдағы тәртібін жіпке тізіп, неше рет заң бұзғанына дейін санап берді. Тіпті түн ішінде оның жеңіл күйде мас болғанын да жасырмады. Бірақ генерал оның телефонын неге тартып алғаны туралы жақ ашпады. Полиция қызметкеріне бағынбадың деп кінәланған Айболат Бөкенов енді 5 тәулікке қамалады немесе айыппұл төлемек.

Жалпы, жыл басынан бері оралдық полицейлер 113 рет қызметтік тәртіпті бұзыпты. Полиция департаментінен хабарлағандай, мұның тең жартысы жол ережесінің бұзылуына байланысты. Бүгінде кінәлілердің бәрі жауапқа тартылып, 5 сақшы қызметінен қуылыпты.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

Сейчас читают
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии