Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Германияның бұрынғы президентінің ұлын өлтіріп кетті

Полиция күдікті қылмыскерді емхана маңынан ұстады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Фото : publika.md20 ноября 2019, 10:33

Германияны 1984 жылдан 1994 жылға дейін басқарған Рихард фон Вайцзеккердің ұлы, дәрігер Фриц фон Вайцзеккер сейсенбі күні Берлиндегі Schlosspark-Klinik емханасында дәріс оқып жатқан кезде шабуылға ұшырап, алған жарақатынан қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

RBB телекомпаниясының мәліметі бойынша, полиция оқыс оқиғаның Берлиннің батысындағы Шарлоттенбург ауданындағы клиникада жергілікті уақыт бойынша шамамен 18.50-де болды деп хабарлады. Полиция келтірген дерекке сүйенсек, дәріске қатысқан адамдардың бірі шабуылдаушыға тосқауыл болмақ болып, ол да пышқталып, ауыр жарақатпен ауруханаға түскен.

Полиция күдікті қылмыскерді емхана маңынан ұстады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Фриц фон Вейцзеккер 2005 жылдан бері дәрі оқыған Schlosspark-Klinik-тің бас дәрігері болған. Сейсенбіде ол бауыр проблемалары туралы дәріс оқыған. Германияның экс-президентінің ұлы 59 жаста болған. Ал Германияның бұрынғы басшысы 2015 жылы қайтыс болып кеткен.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

Сейчас читают
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии