Алматыда Қазақстанға заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған топ ұсталды

20 ноября 2019, 12:27
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

2019 жылғы 15 қарашада ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесіп, Орталық Азия аймағы елдері азаматтарының Қазақстанға заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық топ құрамында Алматы қаласының Көші-қон қызметі орталығының қызметкерлері, сонымен қатар құжат рәсімдеуді жеделдету қызметін ұсынатын бірқатар делдалдар, оның ішінде шетелдіктерге №086 нысандағы жалған анықтама беретін делдалдар болған.

Тінту нәтижесінде қылмыстық іс бойынша айыпталушылардан шетелдік азаматтардың 40-тан астам төлқұжаты, 2 миллион теңгеден астам сома және Қазақстанда шетелдіктерді заңдастыруға қатысты басқа да құжаттар тәркіленді.

Топ қылмыстық әрекетпен жүйелі түрде және ұзақ уақыт бойы айналысқан болып шықты.

Шетелдіктер жалған мекен-жайлар бойынша тіркеліп, жалған еңбек шарттары жасалған.

Тергеу шаралары жүргізілуде.


Читайте новости zakon.kz в
Показать комментарии

Популярное

все топ новости

НОВОСТИ

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:

Хотите быть в курсе важных новостей?