Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Түркістан: Жетісай ауданында кәсіпкерлік саласы қарқынды дамуда

Ал, жұмыс істеп тұрғандарының саны – 14818 бірлікке жетіп, жалпы тіркеудегі субъектілердің 97% құрап отыр.

Фото : Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі20 ноября 2019, 14:20

Түркістан облысы Жетісай ауданында биылғы жылдың 8 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 5 млрд 206,1 млн. теңгені құраған. Бұл 2018 жылдың тиісті деңгейіне қарағанда 1 млрд 163,4 млн. теңгеге артық өндіріліп, жылдық межеленген жоспар 2,6%-ға артқанын көрсетіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Индустриалық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда аяқ киім, полиэтилен өнімдерін, синтепон талшығы және қарқынды баудан жемістерді өндірумен айналысатын жалпы құны 1 млрд 306 млн. теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске асырылып, жаңадан 400 жұмыс орны ашылған.

Одан бөлек, Жетісай ауданында шағын кәсіпкерлік саласы кең етек жайып келеді. Мәселен, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2019 жылдың 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша 15 286-ға жетіп, оның ішінде шаруа қожалықтар саны 10156, дара кәсіпкерлер саны 4190, заңды тұлғалар саны 940 құрады. Ал, жұмыс істеп тұрғандарының саны – 14818 бірлікке жетіп, жалпы тіркеудегі субъектілердің 97% құрап отыр.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

Сейчас читают
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии