Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

ҚР ІІМ Шымкентте ұсталған дәрігердің ісіне қатысты түсініктеме берді

Ол дәрігердің уақытша қамауға алынғанын айтты.

Фото : dela.ru20 ноября 2019, 14:42

Мәжіліс дәлізінде ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Абылай Донбайдың қылмыстық ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бәрін өздеріңіз білесіздер. Түсінік бере алмаймын, заң қылмыстық істің мән-жайын ашуға тыйым салады. Адам ағзасының заңсыз трансплантациясы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіп жатқанын, ол бойынша алдын алу шарасы таңдалғанын ғана айта аламын", - деді Жақыпов.

Ол дәрігердің уақытша қамауға алынғанын айтты. Бірақ бұл қылмыстық істің басқа трансплантолог Ғани Құттымұратовтың ісіне қатысы бар-жоғы туралы ештеңе айтылмады.

Дәрігерлер тергеу амалдары жүріп жатқан кезде жұмысын жалғастыру үшін дәрігерлерді босату туралы түскен өтінішке қатысты да пікір білдірді.

- Кез-келген мәселені теориялық тұрғыдан қарастыруға болады. Қылмыстық іс жүргізу барысында келіп түскен кез-келген өтініштер заңда белгіленген тәртіппен шешіледі, егер мұндай өтініш келіп түссе немесе келіп түскен болса, біз заңды түрде оған жауап беруге дайынбыз, - деп түсіндірді ІІМ өкілі.

Жақыпов Ғани Құттымұратовтың қазір қамауда отырғанын айтты.

- Қылмыстық іс бойынша күдіктінің әрекетіне баға берілді және оған тиісті алдын-алу шарасы бекітілді. Тіпті, мұндай өтініштер келіп түскен болса да, оны сотқа дейінгі тергеу органы қабылдамайды, өйткені ол қамаудағы адам.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

Сейчас читают
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии