Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Даулы бильбордтың иесі: Бізді оңдырмай алдап соқты!

Біз келісіп, тексерген кезде ол арада бір-ақ ақпарат болған. Ал билбордты көшеге ілген соң сайттағы ақпарат толығымен өзгеріп шыға келді

Фото : Әлеуметтік желіден алынды20 ноября 2019, 16:43

Есірткі сайтына сілтеме берген бильбордты көшеге орнатқан жарнамалық компанияның директоры болған оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыдағы және басқа қалалардағы билбордтарда есірткі саудасымен айналысатын сайттың qr-коды орналастырылғандығы туралы хабар желідегілердің наразылығын туғызды. Алматы қаласының жоспарлау және қала құрылысы басқармасы жарнаманың алғашқы жобасында көрсетілген qr код тыйым салынбаған сайтқа сілтеме жасалғанын айтты. Полициядағылар қылмыскер жауапқа тартылатынын айтты.

Бұл бильборд "Сыртқы жарнама-аймақ" ЖШС-ға тиесілі. Оның директоры Сергей Рычков өздерінің алданып қалғандарын айтты.

"Эскиз жобасын мақұлдау кезінде біз ол сайтты тексерген болатынбыз, qr-кодты тексердік, онда тұрмыстық техниканы сыйлыққа тарту ететін фитнес-орталықтың челленджі орналасқан еді. Сөйтіп уәкілетті органнан оны орналастыруға рұқсат алдық. Яғни, тексеру жүргізілді, ол кезде ешқандай заңсыздық анықталмаған. Ал кешеден бастап онда есірткіні жарнамалайтын челлендж жүріп жатқаны белгілі болды. Одан түсінгеніміздей, жастар біз орнатқан жарнаманың жанында суретке түсіп, 1 мың рубльмен қатар осы сайт арқылы есірткі ала алатын болған. Біз келісіп, тексерген кезде ол арада бір-ақ ақпарат болған. Ал билбордты көшеге ілген соң сайттағы ақпарат толығымен өзгеріп шыға келді", - деді компания директоры

Жарнама шамамен 15 күн тұрды. Алматы арқылы ол мердігер компаниялардың көмегімен Нұр-Сұлтанда (үш билборд), Өскемен, Қарағанды, Шымкент қалаларында да бір-бірден орналастырылды.

Жарнама берушілер бильборд орналастыратын компанияға электрондық пошта арқылы хабарласқан.

- Бұл Қазақстандағы алғашқы жағдай емес секілді. Біз бұған назар аударуымыз керек деп санаймыз. Мәселе бар, ол осылай белең алды, демек болашақта да мұндай басыздыққа жол берілуі мүмкін, - деді Сергей Рычков.

Ол бұл мәселені заңнамалық және құқықтық деңгейде шешу керек деп санайды, өйткені қазір ғаламтор арқылы алдаудың көптеген амалы қаптап кеткен.

Енді бильборд орналастырумен айналысатын компания тергеуге белсенді ат салысып, есірткі жарнамасын берушілерді табуға көмектесуде.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

Сейчас читают
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии