Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Педагог мамандықтарына түсетіндер үшін шекті балл жоғарылайды

2020 жылы шекті балды 70 балға дейін арттыру жоспарлануда.

Фото : kstu.kz14 февраля 2020, 12:17

Бүгінде ең үздік мектеп түлектерінің арасында мұғалім мамандығы айтарлықтай сұранысқа ие болмай отыр, деп хабарлайды zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы ретте талапкерлер тарапынан даярлаудың педагогикалық бағыттары сирек таңдалып жатады.

"Еліміз бойынша мұғалімдер тапшылығы 5000 адамды құрайды. Бүгінгі таңда 145 мың студент педагог мамандықтары бойынша оқып жатыр. Жыл сайын педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындарын 40 мың түлек тәмамдағанмен, педагог тапшылығы мәселесі сақталып отыр. Неге? Біріншіден, түлектер мектепке жұмыс істеуге барғылары келмейді, екіншіден - ынталандыру төмен", - деді Асхат Аймағамбетов "Қазақстан" ұлттық телеарнасына берген сұхбатында.

Ведомство басшысының айтуынша, талапкерлерді педагогикалық мамандықтарға тарту үшін өткен жылы ҚР БҒМ-мен бірқатар нақты шаралар қабылданды. Мәселен, 2019 жылы педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балл 60 балға дейін өсті (бұрын 50 балдан кем емес болатын).

Ендігі кезекте 2020 жылы шекті балды 70 балға дейін арттыру жоспарлануда.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

Сейчас читают
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии