Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай халықаралық онлайн-конференция өтті

Конференцияға Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев та қатысты.

Фото : Ашық дерекөздерден алынды29 мая 2020, 17:29

31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай бүгін "Қазақстан: тарихи тағылым саясаты" атты халықаралық онлайн-конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Виртуалды жиынды "Тарихтан тағылым – өткенге тағзым" жобасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған. Конференцияға Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев та қатысты. Ол тарихи кезеңді еске алып, 100 мыңдай адам репрессияға ұшырап, 1920-1930 жылдар аралығында 3 миллионнан астам адам аштан қырылғанын, түрлі этнос өз жерінен босып кеткендігін айтты.

"Сол замандағы саясат қандай мақсатта жүргізілсе де, миллиондаған адам өмірінің орны толмайтынын біз бүгінде білеміз. Репрессия жылдары біздің еліміз үлкен түзеу лагеріне айналды. Онда ойдан шығарылған жаламен бүкіл Кеңес одағына мүше елдердің азаматтары жазықсыз жазаларын өтеді. Түрлі ұлт өкілдері қудаланып, қазақ даласын паналады. Қазір біз бірлігі жарасқан байрақты елге айналдық", – деді ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен АБАЕВ.

Сонымен қатар, жиынға Ресей, Еуразия, Беларусь елдердің өкілдері, ғалымдар, сол заманда қуғын көрген тұлғалардың ұрпақтары да қатысты. «Карлаг» ғылыми-зерттеу жобасының жетекшісі Нұрлан Дулатбеков осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарын таныстырды. Оның сөзінше, қазір нәубет жылдары "Карлагта" болған мәдениет қайраткерлері туралы кітаптың аудармасы аяқталып қалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол бұл тарихи трагедияны бүгінгі жастар кемшін біледі. Сондықтан зерттеу жұмыстары тереңдей түсу керек деген ой білдірді.

"Біз мынау зерделеу кезінде оның сапасына және осы болған оқиғалардың оның ішінде соңғы кездерде көтеріліп жүрген, Қазақстанда болған ашаршылық мәселелерін де терең зерттеп, зерделеп оған ғылыми жүйеге қосылуына біз әрқашан ықпал етуіміз керек. Бұл бір күнмен шектелетін іс-шаралар емес", – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, "Карлаг" ғылыми-зерттеу жобасының жетекшісі Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

Сейчас читают
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии